Жарнама
Медицина

Биыл өңірде қызылша ауруының 4 жағдайы тіркелді

Биыл қызылшаға байланысты 4 жағдай тіркелді. Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Сәрсенғалиева баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласында 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның 4 жағдайы тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі аймақтарында қызылшаның таралуының қаупі бар. Себебі, COVID-19 пандемииясынан кейін қызылшаға қарсы вакцинациялаудың және осы инфекцияға эпидемиялық қадағалаудың төмендеуі себеп болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының хабарлауы бойынша, 2023 жылдың басында қызылша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі көршілес елдерде де байқалады. Ал республика көлемінде 20-29 жастағы адамдар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында бұл аурудың 7,6 есе төмендеуіне қол жеткізілді. Нәтижесінде соңғы былтыр және алдыңғы жылдың қорытындысымен облыста қызылша аурушылығы тіркелмеген.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Сәрсенғалиева айтуынша, қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика. Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Бұл тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 1 жастан 6 жасқа дейін жүргізіледі.

-Бұған дейін облыста қызылша ауруы соңғы рет 2019 жылы тіркелген еді. Төрт жылдан бері алғаш наурыз айында аурудың 4 жағдайы тіркелді. Бұған дейін аурудың тіркелмеу себебі коронавирус инфекциясының өршуі. Алғашқы жағдай бізге шет елден келген. Түркия елінен келген азаматтың баласының вирусты сол жақтан жұқтырып келуі болды. Бүгінде 4 жағдайдың біреуі зертханалық жолмен дәлелденді. Қалған 3 жағдайдың зертханалық нәтижесі күтілуде, — деді  А.Сәрсенғалиева.

Ал, бұл аурудың белгілері және алдын алу шаралары жөнінде №2 Атырау облыстық аурухананың директоры, облыстық штаттан тыс дәрігер-инфекционист Надя Ергалиева мәлім етті. Оның айтуынша, қызылша жұқтырылу деңгейі өте жоғары дәрежедегі инфекциялық вирус. Бұл вируспен күресудің бірден бір жолы – қызылшаға қарсы вакцина алу.

— Қызылша ауруы 3 кезеңде өтеді. Бірінші кезеңі катаральды кезең. Бұл кезеңде науқастарда дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, қайталамалы құрғақ жөтел, бронхит, ларенгит сияқты белгілер пайда болады. Сондай-ақ, қызылшаның бірден-бір тән басты белгісі – конъюнктивит. Көздің шырышты қабатының қызаруы және бірітіндеп көзден іріңді бөліністің бөлінуі. Бұл кезең 2 күн мен 4 күннің арасын қамтиды. Келесі кезең — бөртпе кезеңі. Бұл кезең науқастың ауырған сәтінен бастап 4 күннен кейін біліне бастайды. Тері қабатында бірітіндеп бөртпелер пайда бола бастайды. Бұл бөртпелер науқастың бетінде, мойынында, құлағының артқы бөлігінде пайда бола бастайды. Одан кейін бірте-бірте денеге жайылады. Аурудың 3-кезеңі – пигментация кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде денеде пайда болған бөртпелердің орындары қара даққа айналады. Қызылша ауруының негізгі асқынуы – өкпеде пневмония пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар бүгінде вирусқа қарсы дәрінің болмауының әсерінен емдеу шаралары тек симптомдарға байланысты жүреді. Менің айтарым, аурудың алдын алатын бірден бір жолы – вакцинация, — деді Н.Ергалиева.

Сондай-ақ, мамандар ата-аналарға міндетті түрде вакцина және ревакцинаны салуға шақырды. Айта кетейік, вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста, ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button