Жарнама
Медицина

Биыл Береке ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория бой көтермек

Биыл Атырау қаласындағы Береке ықшам ауданында 25 орындық дәрігерлік амбулатория бой көтермек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Елімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, аймақта жұмыс істеп тұрған емханалар базасы арқылы Отбасылық денсаулық сақтау орталықтарын ашу міндеттелгені белгілі. Осы орайда халыққа жайлы қызмет көрсету үшін Береке ықшам ауданында медициналық көмектің 15 минуттық қолжетімділігін іске асыру көзделген. Жаңа емдеу мекемесі күніне 50 адамды қабылдай алады. Қазір құрылыс жұмыстарының 95 пайызы атқарылып, осы жылдың сәуір айында толығымен аяқталады деп күтілуде.

-Осы уақытқа дейін бұл ықшам ауданның тұрғындары №3 емханаға келіп қаралып келді. Енді 15 минуттік қолжетімділік қадам бағдарламасына сай дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Амбулатория жұмысын бастаған уақытта 8500 адам тіркеуде болады. Сондай-ақ мұнда 5 жалпы тәжірибелі дәрігерлік участок, 2 акушерлік участок, 25 кереуетке арналған күндізгі аурухана, физиотерапия бөлімі, оңалту бөлімі бар. Сонымен қатар, 37 маман қызмет көрсетеді,- деді Атырау қалалық 3 емхананың директоры Айман Утегенова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button