Жарнама
Медицина

Белгілі анестезиолог-реаниматолог Құрманғазыда шеберлік сағатын өткізді

Құрманғазы ауданында медицина қызметкерлері үшін екікүндік маңызды шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткен бұл іс-шараға «Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу институтының» мамандары және Астана қаласынан келген медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері, Қазақ анестезиолог-реаниматолог қоғамдастығының басқарма төрағасы Агзам Жұмаділов қатысты.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынның ашылуында аудан басшысы Абат Жанғалиев сөз сөйлеп, осындай маңызды жиынның өңірде өтуіне қолдау білдірген облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғысын жеткізді. Сонымен қатар, профессор Агзам Жұмаділовке алғыс хат табыстап, оның аудандағы медицина қызметкерлеріне беретін білім мен тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.

Профессор Агзам Жұмаділов шеберлік сағатында ана мен бала денсаулығы, нейрореанимация және түрлі аурулардың алдын алу тақырыптарында кәсіби кеңестер беріп, аудан мамандарына тәжірибе жинақтау мүмкіндігін ұсынды. Екі күнге созылған іс-шарада ауданның барлық медицина қызметкері белсенді қатысып, өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button