Жарнама
Медицина

Балаларда тіс ауруы көп

Бұрын стоматологияда пародонт ауруы ересектер арасында кең таралса, қазіргі кезде аталған дерт балалар мен жасөспірімдерде жиі кездесуде. Аурушаңдықтың бұлайша дендеуіне не себеп? Оның алдын алудың жолдары қандай? Осы және өзге де сауалдар аясындағы мәселе «Қазіргі стоматологиядағы пәнаралық тәсіл» тақырыбында Атырау қаласында өткен халықаралық стоматологиялық конгресте айтылды.

dbf0064eafc3efa8d94dc2c445ba8432-1-900x_

Жиында С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің балалар стоматология кафдерасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Ермұханова баяндама жасады. Оның айтуынша, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінде балалардың 80 пайызы осы аурумен ауырады. Бұл көбіне асқынған дистрофиялық ісік түрінде кездеседі. «Біздің университеттің стоматология кафедрасы Алматы қаласында 6-15 жастағы 2230 оқушыға зерттеу жүргізді. Бұл жұмыстар Қызылорда, Маңғыстау облыстарын да қамтыды. Нәтижесінде 4028 жасөспірімнің 1720-сынан әлсіз формадағы пародонт асқынулары кездесті. Әсіресе, тіс ауруының бұл түрі Маңғыстау, Қызылорда өңірлерінде басымырақ болды» дейді Гүлжан Тілеумұханқызы. Дәлірек айтқанда, оқушыларда ауру деңгейі Маңғыстауда – 84, Қызылордада 82,6 пайызды құрады.

Осы мәселелерді алға қойған стоматологтар пародонт ауруын кепілдендірілген тегін медициналық көмектің жаңа моделіне енгізу қажеттігі жөнінде ұсыныс білдірді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button