Жарнама
Медицина

Балаға вакцина салу дұрыс па?

Жыл басынан бері Атырау облысында туберкулездің алдын алу мақсатында барлығы 6 250 балаға БЦЖ вакцинасы егілді. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 94,1% құрайды.

Перзентханаларда 993 бала вакцина алды. Бұл көрсеткіш 1 жасқа дейінгі сәбилердің 91,3%-ын қамтыды. Дәрігерлер вакцинадан кейінгі асқыну жағдайлары  тіркелмегенін айтады.

– Аудандық деңгейде туберкулезге қарсы вакцинамен қамту көрсеткіштері бірқалыпты жоғары деңгейде сақталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында қамтылу көрсеткіші 90,8%-ды құрап, вакцинадан кейінгі асқыну жағдайы тіркелмеді. Жылыой ауданында қамту деңгейі 92,5% болды, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы және Махамбет аудандарында 1 жасқа дейінгі балалардың вакцинамен қамтылуы 100% деңгейінде жүзеге асты. Ал Мақат ауданында бұл көрсеткіш 94,4%-ды құрап отыр.

Учаскелер бойынша вакцина алғандар саны – 131 бала. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі бүлдіршін – 113. Бұл жас тобы бойынша қамтылу деңгейі 50,4%-ды құраған. Вакцинадан кейінгі асқынулар бұл жолы да тіркелмеген. Мамандардың айтуынша, облыс бойынша вакциналау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, барлық қауіпсіздік талаптары толық сақталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button