Жарнама
Медицина

Байтолла Ғазизов емханаға тіркелу бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

«Емханаларға тіркелу науқанының екінші айы жалғасуда. Біздің елімізде ол жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізіледі.

Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор дерекқорындың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді», – деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов.

Емханаға кімге тіркелу керек, бүкіл отбасы бір медициналық ұйымға тіркелуі керек пе және оны қалай таңдау керек? «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры ең маңызды сұрақтарға жауап берді.

— Байтолла Закарьяұлы Емханаға тіркелуге өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?

Электрондық үкімет порталы арқылы тіркелуге өтінім берілген жағдайда, тіркелу (немесе тіркелуден дәлелді бас тарту) 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

— Егер тіркеу науқаны кезінде басқа емханаға тіркелуге өтінім берілсе, пациент сол жерде медициналық көмекті қашан ала алады?

Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүргізіледі, ал оның нәтижелері келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни, пациент Жаңа жылдың басынан бастап басқа емханада медициналық көмек ала алады (емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда).

Басқа емханаға тіркелген кезде бұрынғы емханадан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

— Емханаға кім тіркеле алады?

Емханаға ҚР азаматтары, ҚР аумағында тұрақты тұратын (тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тіркеле алады. Азаматтардың бұл санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтерді алуға құқылы.

Еңбек мигранттары мен олардың ҚР аумағына уақытша келген отбасы мүшелері де емханаға тіркеле алады – бұл ЕАЭО қатысушы елдерінің (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Армения) азаматтары. Ол үшін оларда медициналық-санитариялық  алғашқы көмекті (МСАК) және стационарлық көмекті алуға арналған ерікті медициналық сақтандыру шарты (полисі) болуы қажет. МСАК-қа ЕМС шартының негізінде емханаға тіркелуге және ТМККК-ге кіретін медициналық көмекті алуға болады. Бұл ретте еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері МСАК-қа ЕМС шартынсыз МӘМС-ке кіретін медициналық көмекті ала алмайды.

— Барлық азаматтарға бұрынғы емханасынан қызмет көрсетуді жалғастыру үшін өз емханасына қайта тіркелуге өтінім беруі қажет пе?

Жоқ, тіркелген халық өз емханасында медициналық көмекті ала беретін болады. Егер тиісті өтінім берілмесе, азаматтар өздерінің бұрынғы медициналық ұйымдарына тіркелген болып қалады.  

— Бір отбасының мүшелері бір учаскелік дәрігерге тіркелуі керек пе?

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету отбасылық бақылау қағидатына негізделген. Дәрігерге осы отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, аурулардың алдын алу және емдеу жеңіл болады. Мұндай тәсіл медициналық көмек көрсету кезінде оның сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

— Жақын жерде орналасқан емхананы таңдауға бола ма?

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) көрсетудің негізгі қағидаты – аумақтық қолжетімділік болғандықтан, пациенттерге жаяу қолжетімділік шегінде (15-20 минуттық жүру) емханаларға тіркелу ұсынылады. Мұның артықшылығы үйде медициналық көмек алу мүмкіндігі болады.

Жалпы, Сіз емхананы тұрғылықты жеріңіз бойынша емес (бірақ тұрғылықты жеріңіз немесе қала ауданы шегінде) таңдай аласыз. Бұл жағдайда учаскелік дәрігер немесе медбике пациенттің үйіне шақыруына келмейді, өйткені мекен-жайы олардың қызмет көрсету аумағына жатпайды.

Сондықтан жақын маңдағы емханаға тіркелу ұсынылады.

— Бір мезгілде бірнеше емханаларға тірелу мүмкін бе?

Жоқ. Тіркеу жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылатындықтан, азаматтар тек бір емханаға тіркеле алады, бұл ретте бұрынғы емханадан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

— Емханаға тіркелуге өтінім қандай себептермен қабылданбауы мүмкін?

Тіркеуден бас тартудың бірнеше себептері бар:

— дәйексіз құжаттар ұсынылды;

— пациент басқа қалада (кентте, ауылда)тұрады;

— аталған емханада барлық учаскелерде тіркелген халықтың ең көп саны артты;

— тіркелуі қажет баланың мүдделерін білдіруге заңды құқығын растайтын құжаттар болмаған кезде.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тіркелген халықтың ең көп саны аспауы тиіс:

* бір жалпы практика дәрігеріне – аралас халық саны 1 700 адам (ересектер мен балалар);

* учаскелік терапевт-2 200 ересек адам;

* учаскелік педиатр- 0 жастан 6 жасқа дейінгі 500 бала, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 бала.

Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге сол жерде көмектесе алмаған жағдайда, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406байланыс орталығы, Telegram мобильді қосымшасындағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button