Медицина
Атыраулық дәрігерлер әйелдің жатырынан 6 келі миоманы алып тастады
Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы 6 келі, 35 см болатын үлкен жатыр миомасын алып тастау бойынша күрделі ота жасады. Науқас бірнеше жыл бойы ішінің өсуі мен ауырсынуына шағымданып келген. Ультрадыбыстық зерттеу барысында дәрігерлер оның миоматозды түйінін анықтап, ота жасауға шешім қабылдады.
Облыстық перинаталдық орталықтың білікті гинекологтары ота барысында науқасқа жедел көмек көрсетіп, тиісті ем-шараларды жүзеге асырды.
Ота сәтті өткеннен кейін науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Айта кету керек, жыл басынан бері орталықта әрқайсысы әртүрлі мөлшердегі миоманы жоюға бағытталған осындай бірнеше ота жасалды.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ