Атырауда ЖИТС жұқтырғандар көбейген

2022 05 11 izlechenie ot vich shansy rastut Медицина

Атырауда 299 адам ЖИТС жұқтырған. Бұл туралы Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биыл 4 айдың өзінде аталған инфекция 27 адамнан анықталған. Олардың 25-і — ел азаматы, 2-еуі — шетелдік. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15 жағдайға көбеюгендігін көрсетеді. АИТВ инфекциясы анықталған 27 адамның 85,2 пайызы қала тұрғындары, ал 14,3 пайызы аудандықтар. Атап өтер болсақ, Жылыой ауданында 3, Құрманғазы ауданында 1 адам анықталған.

Мамандар инфекцияның бірнеше жолмен таралғанын айтады. Мәселен, 3 адам инекциялық есірткі тұтыну кезінде, 14 адам жыныстық қатынас арқылы, ал 5 адам гомосексуалды қатынас және медициналық емес манипуляция кезінде жұқтырған. 3 адамның аты жаман ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз. Ару анықталған 18 ер адам мен 9 әйелдің жас ерекшеліктері әр түрлі. 15 пен 29 жас аралығында 11 , 30-39 жас арасында 7, 40-49 жастағылар 5, 50-69 жас аралығында 4 адам тіркелген. Жалпы, Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр. 57 вирус жұқтырушы ЖИТС-тен көз жұмды.

Айта кетейік, 15 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні. Жыл сайын әлем халқы мамырдың үшінші жексенбісінде ЖИТС /СПИД/ -тен көз жұмғандарды еске алады. Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС жұқпаларының таралу мәселесіне және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғауға қоғам назарын аудару.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз