Жарнама
Медицина

Атырауда үшінші қабаттағы терезеден құлаған бала ауруханадан шығарылды

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлаған сәби бауыр мен бүйрегіне зақым алған. Сондай-ақ сол қолы сынған.

Қазіргі уақытта бала барлық қажетті ем алып, толық қалпына келді. Оның жағдайы қорқыныш тудырмайды. Дәрігерлер баланың саулығын қалыпты деп бағалап, үйге шығару туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте Атырауда қайғылы оқиға орын алды. «Береке» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің 3 қабатындағы терезеден 2020 жылы туған егіздер құлап кеткен. Бұл уақытта балалардың анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелеріне торлар орнатылмаған. Бір бала алған жарақатынан сол сәтте қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлаған болатын облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button