Жарнама
Медицина

АТЫРАУДА ТҰРҒЫНДАР ДОНЕРДЕН УЛАНЫП ЖАТЫР…

Атырауда тамақтан улану фактісі тіркелді.

Жыл басынан бері өңірімізде алғаш рет тамақтан улану фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Күні кеше облыстық инфекциялық ауруханада 7 бірдей адамның улануы тіркелсе, бүгін 2 жағдай анықталып отыр. Оқиға С.Датов көшесінде орналасқан жеке меншік «Afisha» дүңгіршегінде орын алды. Зардап шегушілер тез тағам дайындау орнынан құс етінен жасалған донер тағамын тұтынған. Осы жағдай бойынша Атырау қалалық полиция басқармасымен тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, зардап шегулер жіті дәрігердің қалағалауында, деді Ә.Бекешова.

Ал, аталған департаменттің басшы орынбасары Гүлназ Ирбатырова көктем-жаз айлары жедел ішек инфекциясы ауруының қаупі артатын кезең екенін, сондықтан үнемі жеке бас гигиенасын сақтап, азық-түлікті белгіленбеген орындардан сатып алмау керектігін атап өтті.

Айта кетейік, ішек жұқпалары – ас қорыту жолын зақымдайтын зиянды аурулардың бірі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button