Жарнама
Медицина

Атырауда төртінші қабаттан құлаған бүлдіршіннің жағдайы ауыр…

Атырауда төртінші қабаттан құлаған төрт жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, емдеу орнына 4 жасар қыз кеше, 27 сәуірде түскен.

«Кішкентай қыздың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың басында жарақаты, денесінде көптеген сынық бар. Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасады. Ота 2,5 сағатқа созылды. Аурухана дәрігерлері науқасқа барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр», -деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі. Кішкентай қыз ас бөлмесінің терезесінен құлаған. Бұл кезде әкесі басқа бөлмеде болған.

«Қазақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button