Жарнама
Медицина

Атырауда тегін медициналық қызмет көрсетілмек

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» іс-шаралар өтеді.

2023 жылғы 23-26 мамыр аралығында Атырау облысына іссапар жоспарланып отыр. Осыған дейін Медициналық орталықтың делегациясы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Сапардың басты мақсаты — ауруларды алдын алу, диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Атырау облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, аллерголог, пульманолог, онколог және басқа мамандар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, облыс тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды Атырау облыстық ауруханасы, Атырау қалалық перзентханасы, №7 Атырау қалалық емханасы базасында жасайды.

Науқастарды қабылдау туралы ақпарат:

2023 жылғы 23 мамырда

Атырау облыстық ауруханасы (Атырау қ.) науқастарына келесі мамандар:

10:00 – 18:00 –  аллерголог Ботагөз Давлетова;

10:00 – 13:00 –  пульмонолог Мадина Есенгельдинова;

10:00 – 13:00 – нейрохирург Дәулет Сүйембетов;

10:00 – 13:00 – онколог Ғалия Хорошаш;

13:00 – 16:00 – нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.

2023 жылғы 24 мамырда

Атырау облыстық ауруханасы (Атырау қ.) науқастарына келесі мамандар:

10:00 – 13:00 – нейрохирург Дәулет Сүйембетов;

10:00 – 13:00 – онколог Ғалия Хорошаш;

14:00 – 18:00 – травматолог Асқар Баймухаметов қабылдау өткізеді.

2023 жылғы 26 мамырда

Атырау облыстық ауруханасы (Атырау қ.) науқастарына келесі маман:

10:00 – 18:00 – гинеколог Талғат Капаков қабылдау өткізеді.

№7 Атырау қалалық емхана науқастарына келесі маман:

09:30 – 11:30 – эндокринолог Дилярам Разиева (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.

Медициналық орталықтың басқа ұйымдары – Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз бағыттарына қатысты оқыту іс-шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сондай-ақ, 26 мамырда сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы және Атырау облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Осы сапар барысында Медициналық орталықтың делегациясы Атырау облысының ауруханаларының жұмысымен танысады.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button