Жарнама
Медицина

Атырауда үйлестіру орталығы ашылды

Бүгін Атыраудағы «Геолог» емханасы  базасында облыстық үйлестіру орталығының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

 «Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасымен жабдықталған орталық балалар арасындағы аурушаңдық пен өлім көрсеткіштерін азайту мақсатында жұмыс істейді.  Және балалар арасындағы мүгедектік жағдайларын төмендету, аналардың денсаулығын жүктілік кезінде бақылау, білікті мамандар дайындау да орталықтың басты миссиясы болады», — деді Ж.Бисембиев.

Жаңа нысан сәбилер дамуындағы тежелулерді ерте жастан анықтауға, бүлдіршіндерге дер кезінде көмек көрсетууге мүмкіндік бермек.

Н.Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button