Жарнама
Медицина

Атырауда бірегей медициналық жабдық іске қосылды

Атырау облыстық перинаталдық орталығында тыныс алуы ауыр бұзылған нәрестелерді емдеуге арналған бірегей жабдық табысты жұмыс істейді. Азот тотығымен терапияға арналған аппарат «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен AYALA қоры Атырау облысында іске асырып жатқан «Өмір сыйлайық» қайырымдылық жобасы аясында табыс етілді.

100c2e57 5f19 4412 88be 7c63f0822fc0

Азот тотығымен терапия тыныс алу жүйесінің күрделі патологиясымен: жіті өкпе гипертензиясымен, туабіткен пневмониямен және бұрын туғаннан кейінгіалғашқы сағаттар мен күндерде өлімге әкелетін басқа да ауыр жағдайлармен туған сәбилерді құтқарады. Ол АҚШ, Жапония, Еуропалық одақ елдеріндегі неонаталдық реанимацияларда кеңінен қолданылады. Атырау облыстық перинаталдық орталығы осындай жабдығы бар Қазақстандағы 7 перинаталдық орталықтың бірі атанды.

«Қайырымдылық медициналық жобаларды іскеасырудағы AYALA қорының тәсілі – еліміздің перинаталдық орталықтарын жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан озық медициналық технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз ету. «Теңізшевройл»компаниясының қолдауының арқасында Атыраудағы неонатологтардың өздерінің кішкентай пациенттерінің өмірін табыстысақтап қалу үшін тиімділігі жоғары және бүкіл әлемде танылған терапияны қолдану мүмкіндігі бар», — деп атап өтті AYALA қорының негізінқалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

d213ffcd 052e 4fef b1cf 700a59584c6d

AYALA қоры берген аппараттың бірегейлігі – ол жаңа туған нәрестелерге қоршаған ауадан өмірлік қажетті газ шығарады. Аппараттың Қазақстандағы жеткізушісі«ГЕЛИКА» ЖШС бұл орталықтың бюджетін баллондармен басқа да материалдардан айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді деп есептейді. Демек, аппарат дәрігерлерге қажет болған кез келген уақытта жұмыс істейтін болады.

Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетовтың айтуынша, жыл сайын жаңа жабдықтар кем дегенде 25 нәрестені құтқаруға көмектеседі.

«Азот тотығымен терапияға арналған аппарат нәрестенің қанын барлық маңызды ішкімүшелердің, соның ішінде мидың өміршеңдігін қамтамасыз ететін оттегімен толтыруға көмектеседі. Облыстық перинаталдық орталықтың неонаталдық реанимациясында енді тыныс алу жолдарының туа біткен патологиясымен дүниеге келген балалардың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажеттілік бар. Бұл Атырау облысында ерте неонаталдық өлім-жітім деңгейін төмендетуге елеулі үлес қосады», — деп атап өтті Қазбек Айжарықұлы.

Бұл жоба — AYALA қайырымдылық қоры мен «Теңізшевройл» компаниясының алғашқы бірлескен бастамасы емес. Өткен жылы ТШО қолдауымен Облыстық перинаталдық орталық шала туған балалардың көру патологиясын ерте диагностикалау үшін ретиналды камера алды. Осы жылдың соңына дейін ТШО-мен серіктестіктің арқасында осы орталықтың дәрігерлері өздерінің неонаталды хирургия бөлімінде жұмыс істей бастайды.

«Біз өз бизнесімізді 30 жылдан бері табысты жүргізіп келе жатқан өңірдің басты мерекесі — Мұнайшылар күні қарсаңында Атырау облысы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтайтын жобаны қолдауға қуаныштымыз. Біздің компанияның басты құндылығы, энергиясы мен күші — оның қызметкерлері. Әрбіротбасы үшін өз нәрестесін қолына алудан артық бақыт жоқ. Сондықтан «Теңізшевройл»компаниясы барлық отбасыларда балалардың қуанышты күлкісі естілуі, әрбір үйдің бақытқа кенелуі мен амандық-саулықта болуы үшін облыстың балалар денсаулығын дамытуға қуанышпен және дайындықпен көмектеседі», — депатап өтті ТШО бас менеджерінің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Хэймиш Полс.

Айта кету керек, AYALA қайырымдылық қоры — неонатологияға маманданған Қазақстандағы жалғыз қайырымдылық қоры. Өз жұмысының 18 жылы ішінде қор 67 реанимация, қарқынды терапия палаталары мен перинаталдық орталықтардың, балалар ауруханалары мен ғылыми орталықтардың неонаталдық офтальмологтар кабинеттерін қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыруға 2,9 млрд. теңгеден астам қаражат тартты. Бұл 2007 жылдан бері жүздеген мың баланың өмірі мен функционалдық денсаулығын елден тыс жерлерде емес, Қазақстанда сақтап қалуға көмектесті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button