Жарнама
Медицина

Атырауда бес адам жүрек трансплантациясына мұқтаж

Бүгінде Атырау облысы бойынша донорлық жүректі күту парағында бес адам бар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық кардиологиялық орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиева онлайн брифингте мәлімдеді.
Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі күні созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін донорлық жүрек трансплантациясы өмірді ұзартудың жалғыз әдісі болып табылады. Бірақ бұл бәріне жарамайды, басқа ағзалар зардап шегуі мүмкін. Балама әдіс-сол жақ қарыншаларды немесе толығымен жасанды жүректі имплантациялау.

  • Бүгін біздің облыста жүрек трансплантациясын күту парағында бес адам бар. Бұл жасанды сол жақ қарыншасы және ауыр жүрек аурулары бар адамдар. Бірақ бұл операцияның қажеттілігі туралы мәлімдегендер ғана. Іс жүзінде трансплантацияға мұқтаж адамдар көп болуы мүмкін, — деді Сандуғаш Жұмағалиева.
    Атырау облысында үш науқасқа жасанды жүрек трансплантациясы жасалды, олардың екеуі – Атырау тұрғындары, біреуі — Жылыой ауданынан. Олардың барлығы қазір кардиологиялық орталық мамандарының бақылауында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button