Атырауда екпе алмаудың соңы қайғымен аяқталуда

0 21b487 12fbcb8c orig Жаңалықтар

Биылғы жылы Атырауда жүкті әйелдер арасында 100 астам жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) ауруы тіркеліп отыр. Олардың он үшінің жағдайы пневмония ауруына ұласқан.

Ëåêàðñòâà. Æàíðîâàÿ ñú¸ìêà. Äíåïðîïåòðîâñê, 30 îêòÿáðÿ 2009 ã.

Мұның себебі, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина Камелованыңайтуынша, көптеген аналардың вакцинация салдыруға немқұрайлы қарағандығынан. Бұл туралы маман Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Эпидемиялық маусым бойынша, 1 қазан мен 3 қараша аралығында ЖРВИ-мен екі жүзден астам адам тіркелген. Олардың 76 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уаисовтың айтуынша, қазіргі таңда 30 мыңнан астам жиі ауыратын балалар мен әлеуметтік қорғауға мұқтаж ажандарға егу жұмыстары жүргізілген. Қалған адамдар жұмыс беруші мекемелері есебінен немесе жекелей ақылы түрде егілуі тиіс. Өйткені, екпе тек тұмаудан емес, тұмау тәріздес жіті респираторлық вирустардың асқынуынан қорғайды. Бұл аурудың ең көп кездесетін кезі қаңтар-ақпан айлары, дейді ол.

Нұрбейбіт Нұғыманов

atpress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз