Жарнама
Медицина

Атырауда алғаш рет күрделі отаның бірі жасалды

Атырау облыстық ауруханасында Астанадан келген білікті травматолог Асқар Баймұхаметовтың жергілікті дәрігерлермен бірлесе жасаған күрделі отаның бірі сәтті аяқталды.

ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасынан келген білікті дәрігер-травматолог Асқар Баймұхаметов өңірдің травматологтарымен бірлесе алғаш рет «алдыңғы крест тәрізді байламның артроскопиялық пластикасы» отасын жасады.

img 2429

Асқар Баймұхаметовтың айтуынша, бұл ота Атырау облысында алғаш рет жасалып, сәтті аяқталды.

«Атыраулық дәрігерлер үшін арнайы жылжымалы шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Енді жергілікті дәрігерлер «алдыңғы крест тәрізді байламның артроскопиялық пластикасы» отасын өздері жасай береді. Күрделі отаны жасау үшін облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы сәйкес келеді. Дәрігерлер де білікті», — деді А.Баймұхаметов.

Айта кетейік, облыстық ауруханада  13-17 қараша аралығында  шеберлік сабақтарын «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» клиникасының мамандары жүргізді. Атап айтқанда, клиниканың жетекші маманы, жоғары санатты проктолог, медицина ғылымдарының кандидаты Фатима Борсова; жоғары санатты проктолог, медицина ғылымдарының кандидаты Григорий Яковенко; ал 20-24 қараша аралығында эндоскопия бөлімі меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Арсен Түсіповов және 20-24 қараша аралығында дәрігер реабилитолог Гульжан Қайыржанова шеберлік сабақтарын өткізді.

Эльмира Мықтыбаева

Фотоны облыстық аурухананың баспасөз қызметі ұсынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button