Жарнама
Медицина

Атырауда «Әлем ғылымындағы ортақ тұлға» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Бәйтерек аясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Н.Балғынбаев атындағы даму орталығында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы Ғаділше Наурызалиннің туғанына 85 жыл толуына арналған «Әлем ғылымындағы ортақ тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелі конференциясы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникацияларқызметі хабарлайды.

Конференцияға экономика ғылымдарының докторы Бақтыбек Таубаев, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Қосыбек Ирзағалиев, ҚР мұнай өнеркәсібінің қайраткері Мендеш Салықов, жазушы Мақсат Тәж-Мұрат және еліміздің өзгеде облыстарынан профессорлар, ғылым докторлары, ғалымның ұрпақтары қатысты.

3j2a0377

Ғылыми-тәжірибелік конференция шымылдығы Ғаділше Наурызалиннің өмір жолын өрнектеген «Әлем ғылымына ортақ тұлға» кітабының тұсаукесерімен басталды.

Ғаділше Наурызалин көрнекті ғалым, ғылым докторы. Ылғал өткізбейтін, шексіз пайдалануға жарайтын мұнай саласына арналған озық технологиялардың авторы. Ашқан жаңалықтары Ресей, Швейцарияның халықаралық патенттер одағына тіркеліп, тиісті куәліктермен заңдастырылған.

3j2a0395

-«Ғалымның хаты өлмейді» дегендей, мұнай-газ, физика, химия ғылымдарына өлшеусіз үлес қосқан төл перзентіміздің ғұмыры келер ұрпаққа үлгі. Әлемге аты танылған Ғаділше Наурызалиннің еңбегін ескеру, бізге парыз,- деді Қ.Ирзағалиев.

Конференция барысында ғалымның шетел тілдерін үйрену тәжірибесі, салыстырмалы зерттеу жұмыстары баяндалды. Ғалымның ізгі ғұмырын жаңғырту үшін ұсыныс, пікірлер айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button