Атырауда №5 қалалық емхананың екі филиалы ашылды
Мұнда күндізгі ем қабылдау стационары мен жедел жәрдем қызметі де ұйымдастырылған, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қала орталығындағы емдеу мекемесіне келушілердің көптігі мен емханаға халықтың тіркелуі жылдан жылға өсуіне байланысты №5 қалалық емхананың екі филиалы ашылды. Ашылу салтанатының лентасын облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев қиып, қуанышқа жиналған тұрғындар мен мамандарды құттықтады.
— Әйтеке би көшесі, 30а мекенжайы бойынша кеңес беру және диагностика, күндізгі емдеу бөлімі бар. 20 кереуетті күндізгі емдеу бөлімі үш ауысыммен халыққа қызмет көрсетеді. Ал Құрманғазы көшесі, 56 мекенжайында орналасқан филиалдың ашылуының басты мақсаты — осы шағын ауданға жақын орналасқан халыққа тиімді медициналық көмек көрсету. Филиал тұрғындарға тиісті ем шараларын көрсету мақсатында екпе, массаж, учаскелердің қабылдау бөлмесі, дәрігерге дейінгі бөлме және тіркеу орнымен жабдықталған. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадасы да көшірілді. Халыққа тиімді және оңтайлы медициналық көмек көрсету жұмыстары жалғаса береді, деді Қ.Абдалиев.
Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде тағы бес филиал ашылу жоспарлануда