Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

imgl7950 Медицина

Меритократия принципі бойынша Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайсар Абдалиев тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Қайсар Қайратұлы Абдалиев 2012 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Емдеу ісі» мамандығын, 2017 жылы КазГЮУ университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарып, соңғы 3 жылда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған.

Алғаш еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған.

02.02.2016 -02.05.2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасы сарапшысының м.а;

03.05.2016 – 28.02.2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық медициналық көмек басқармасының сарапшысы;

01.03.2017 – 09.05.2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының сарапшысы;

10.05.2017-10.10.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің  стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының бас сарапшысы;

11.10.2019 -19.08.2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы;

20.08.2020 – 04.01.2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стацилнарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы;

20.08.2020-04.01.2021 жылдан бастап Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз