Жарнама
Медицина

Атырау вокзалында не болып жатыр?


Атырау темiр жол вокзалында оқу-жаттығу өтті.

Таяуда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2022 жылға арналған негiзгi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, аса қауіпті және карантинді жұқпалы (тырысқақ) ауру анықталған жағдайдағы жедел профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жақын және аралас шекаралас шет мемлекеттердiң әкеленуі мен таралуы  қауіптілігін ескере отырып, «Тырысқақ» яғни холера   ауруының алдын алу мақсатында Атырау  темiржол вокзалында Атырау бөлiмшелiк көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының оқу-жаттығу шарасы өткізілді.

Атырау бөлiмшелік көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, темiр жол кызметтерінің эпидемияға қарсы шараларды өткiзу әзiрлiктерiн бағалау және тиімділігін арттыру болып табылады. Іс-шараға Атырау обаға қарсы күрес станциясы, Атырау облыстық денсаулық сактау басқармасы, Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәргерлері, Атырау облыстық Ұлттық сараптама орталығы, жедел-жәрдем станциялары және темiржолға қатысты мекемелер мен желiлiк полиция бөлiмi, дезинфекция мамандары жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу іс-шараларын жүргізу барысында Атырау темiр жол вокзалына келген No41/42 «Алматы-Атырау» поезында «тырысқақ» (холера) ауруына күдiктi жолаушы анықталып, жедел кызмет көрсетiп ауру ошағын жоюда мамандардың ортақ iс-қимылы, темiржол кызметiнiң, медицина ұйымдарының ауруды анықтаудағы, ауруханаға жiберудегі, күдікті адамнан зерттеуге материал алуды және ауруга кудiктi адаммен карым-катынаста болғандарды оқшаулаудағы, карантиндік-шектеулі iс-шараларды ұйымдастыру бойынша өзара әрекетесу жұмыстары жүргізілді.

–Пандемиялық шектеулер алынып тасталғанына әрі шекаралардың ашылғанына байланысты жолаушылардың саны күннен-күнге артыуда. Жолаушылар көбейген сайын, оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурумен ауратын адамдар да анықталуы мүмкін деген күдік арта түсуде. Аталған шарамызда жұқпалы аурумен ауырған науқас болған жағдайда қандай шаралар жүзеге асыруды пысықтау әрі мекемелермен бірлесе ортақ істі нақтылап жасау болып табылады.Аталған іс-шарада тырысқақ ауру жөнінде болды. Облысымызда тырысқақ аурумен науқас тіркелмеді деседе біз барлық жағдайға алдын-ала дайын болуымыз керек. Мамандар оку жаттығу кезiнде өздерiне қатысты мiндеттердi жүйелi орындап шықты. Құзырлы кұрамдар аса қауіпті жұқпалар пайда болған ауру ошағын қалай заласыздандыру кажеттiгiн де көрсетті. Оку-жаттығу iс-шаралары барысында мамандар дайындығы жаксы деп бағаланып, эпидемияга қарсы жұмыла жұмыс жасаудың iс-кимылдары айқындалды,-дейді Атырау бөлімшелік көліктегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өтеміс Апуов.

Оку жаттығу жұмыстарына барлығы 48 адам катысты.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button