Атырау облысында бір тәулікте 422 адам Covid-19 жұқтырған
Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 422 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 246 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 46 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 58 науқас, Индер ауданында — 15, Исатайда- 12, Қызылқоға ауданында — 16, Құрманғазы ауданында — 12, Мақат ауданында — 8, Махамбет ауданында — 9 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 341 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 81 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 224 адам емделді.
Қазір 4191 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 77, кардиоорталықта — 105, т/ж ауруханасында — 111 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 378, облыстық ауруханада — 39, жатақханада — 87, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 289 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.