Атырауда 60 түрлі дәрі-дәрмек шығарылады

d8b95ec4941540c8809431813fd3ec75 XL Медицина

Дәрі-дәрмекке сұраныс артқан сайын Қазақстандағы фармацевтика саласына  шетелдік трансұлттық компаниялар көптеп енуде. Сондықтан, Үкімет алдындағы міндетті меженің бірі отандық дәрі-дәрмек үлесін  арттыру. Сол себепті де биыл  Атырауда алғашқы  фармацевтикалық зауыт бой көтермек.

d8b95ec4941540c8809431813fd3ec75_XL

Бұл өндіріс орны индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асып жатқан бірегей жоба. Кәсіпорында таблетка, капсула, ертінді және жақпа түріндегі 100 -ден астам дәрілік зат шығарылады деп жоспарлануда.

Фармацевтикалық зауыттың жоба құны -7,14 млр теңгеге бағаланған. Енді биыл цех эксперимент түрде жұмсын бастаса, жаңа 90 жұмыс орны ашылады.

Зауыттың бас директоры Забира Дәулетжанованың айтуынша, өндіріс 3 блокқа бөлінген. Бірінші блог капсула жақпа және ерітінді препараттардан тұрады. Орталық блог сапаға, кеңселік жарақтарға, инженерлік технологияға жауап берсе, үшіншісінде кіші және орта мөлшердегі амбулалар, қан құюға арнғалған құтылар шығарылмақ.

Нысан іске қосылған соң қазақстандықтар әлемдік талаптарға сай келетін сапалы әрі арзан дәрі-дәрмекке қол жеткізеді.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз