
Мамандар қолұстасқан жұптардың ми толқындары максималды түрде бірдей қозғалып, олардың бір-бірінің ауруларын жеңілдететіндерін анықтады.
Бұл туралы korrespondent.net сайты хабарлайды.
Боулдердегі Колорадо және Хайфский университеттерінің мамандары ғашықтардың қолұстасу арқылы бір-бірлерінің ауруларын жеңілдететіндерін анықтады. Зерттеу нәтижесі Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.
Сарапшылар 23-32 жас аралығындағы жұпты байқап көріп, олардың
қолұстасып бірге отырған кездегі ми толқындарының қалай өзгеретінін бақылады.
Нәтижесінде ғашықтардың қолұстасқан кезде бір-бірлерінің ауруларын жеңілдетіп, ми толқындарының бірдей қозғалатыны анықталды.
Дәлірек айтсақ, науқас адамның ауруы сүйіктісімен қолұстасқан соң 34% жеңілдейді.
Хорлан Смадияр