Жарнама
Медицина

Ғалымдар дұрыс ұйықтаудың жолын айтты

Адам түнгі ұйқының кестесін дұрыс жасау және оны қатаң түрде орындау арқылы денсаулығын жақсартып, күні бойы сергек жүреді. Мұны АҚШ-тағы Альберт Эйнштейн атындағы медициналық колледждің зерттеушілері анықтады. Бұл туралы Science Alert басылымы жазды.

W1sgJJI0X2y4cb5K-lg

Ғалымдардың айтуынша, ұйқы кезінде дұрыс жату да маңызды рөл ойнайды. Мысалға, басың мен мойныңды ыңғайлы қою үшін арнайы жастық алу керек.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы ұлттық қордың сарапшылары ыңғайлы жатып, тыныш ұйықтап және оянғаннан кейін сергек жүру үшін аяқтың астына жастық қоюға кеңес береді.

Ұйықтаған кезде қарынмен жату – ең ыңғайсыз амалдардың бірі деп шешті ғалымдар. Өйткені, адам қарнымен жатса, ішкі органдарына зақым келуі мүмкін.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button