Алматылық дәрігерлер медициналық тексерістен өткізбек
Алматы қаласынан келген мамандар атыраулықтарды медициналық тексерістен өткізеді.
Тексерістен 40 жастан жоғары, онкологиялық аурулармен диспансерлік есепке тіркелмеген тұрғындар қатыса алады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы онкология диспансері 22-26 тамыз аралығында «Асқазан-өңеш қатерлі ісігін алдын алу» апталығын жариялайды.
Аталған шарада тұрғындарды қабылдау, кеңес беру және эндоскопиялық зерттеулер (фиброгастродуоденоскопия) жүргізу үшін Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) мамандары шақырылады. Атап айтсақ, Азат Боромбаев — ҚазОРҒЗИ функционалды диагностика және эндоскопия бөлімінің эндоскопист-дәрігері, Ерген Ижанов — медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-онколог, ҚР Онкологтары Қауымдастығының мүшесі.
Тұрғындарлы қабылдау 22-26 тамыз сағат 09.00-18.00 аралығында жүргізіледі.
Айта кетейік, қабылдау кезінде медициналық құжаттың көшірмесі немесе денсаулық мәліметтері жазылған ауру тарихы қажет. Эндоскопиялық қабылдау аш қарынға жүргізіледі. Зерттеуге дейін 12 сағат бойы тамақтанбаған жөн..