«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» жаңа ақпараттық жүйесін іске қосты
«Е-Saqtandyry» Ақпараттық жүйесі қысқа мерзім ішінде әзірленіп іске қосылды және ол Қордың негізгі қызметін цифрландыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады» — деп тоқталып өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Ганиет Салимгали.
Жаңа ақпараттық жүйемен не өзгерді?
Қордың медициналық қызметті төлеудің жаңа жүйесі медициналық ұйымдармен келісім шарттық қатынастарды енгізу процестерін оңтайландыру және медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бұрын Қорда өзінің жеке төлем жасау жүйесі болмаған, тек медициналық көмекті тұтынуды есепке алу жүйесі болған. Бұл медициналық көмекті қаржыландырудың кешігуіне алып келді.
«Saqtandyry» АЖ енгізу медициналық ұйымдарға шарттарды басқару процесін жеңілдетеді. Егер бұрын медициналық ұйымдар әртүрлі ақпараттық жүйелерде шарттар мен төлем құжаттарын (МӘМС және ТМККК бойынша бөлек) қалыптастырған болса, қазір «е-Saqtandyry» жаңа жүйесін енгізудің нәтижесінде, бұл процесс бір ақпараттық жүйеде бір шартқа дейін жеңілдетілді.
Іске асырудың алғышарттары
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің негізігі міндеттерін уақытылы орындап отыру үшін қажетті болып табылатын қордың үздіксіз жұмыс жасау процесінің бұзылу қауіпі туындады. Қор төлем жасау құралынсыз қалды, сондықтан да 2024 жылдың басынан бастап Қор өзінің штаттағы IT (ақпараттық жүйе) мамандарының күшімен «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіндегі төлемдер жасау функционалын жасақтауға кірісті.
Осы жылдың наурызында ақпараттық жүйелердегі түзетулерге байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Қор басшылығымен аванс көлемін 30% стандартты мөлшерден 70% дейін көбейту бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды, ал жаңадан келісімшарт жасаған медициналық қызметтерді жеткізушілер үшін – 30% дейін (бұрын жаңа жеткізуші ұйымдар үшін аванс мүлдем төленбеген, аванс төлеу мүмкіндігін жасау үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді) аванс төленді.
Сонымен қатар, өте қысқа мерзім ішінде медициналық ұйымдармен келісім шарттар жасау бойынша «е-Saqtandyry» ақпараттық жүйесі функционалы пайдаланылуға берілді. «Saqtandyry» АЖ төлем жасау моделі 2024 жылдың 17 мамырынан бастап іске қосылды және бүгінгі күні медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субътілеріне төлемдер ағымдағы жылдың мамыр айы үшін жүргізілуде.
Қазір медициналық көмек қалай төленеді?
Қор 2024 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері медициналық ұйымдарға аванспен қоса есептегенде 1,4 трлн теңгеге жуық қаржы төледі. Қазіргі уақытта 2024 жылғы мамыр кезеңі үшін нақты көрсетілген медициналық қызметтерге төлемдер жүргізілуде.
20 тамыз жағдайы бойынша 1936 медициналық ұйымға қаңтар-маусым айларында көрсетілген қызметтер үшін 539,1 млрд теңге төленді.
Медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемі жыл басынан бері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, 1 трлн. 455 млрд. теңгені құрағанын атап өткім келеді. Яғни, бұл жылдық қаржыландыру көлемінің жартысынан көбін құрап отыр. ТМККК қаражатының уақтылы түсіп отыруы жағдайында Қор нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр.
«Атырау облысында ағымдағы жылдың 20 тамыздағы мәлімет бойынша жыл басынан бері медициналық ұйымдарға авансты қоса есептегенде 37,9 млрд. теңге қаржы төленсе, 93 медициналық ұйымдарға қаңтар-маусым айларында көрсетілген қызметтер үшін 17,3 млрд. теңге төленді» — деп атап өтті филиал директоры Г. Салимгали.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1414