Медицина

Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті

Белгілі гигиенист-нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, ғалым, қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Төрегелді Шарманов 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті, – деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі.

Төрегелді Шарманұлының еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және оның медициналық қоғамдастыққа ғана емес, республиканың барлық азаматтарына көрсеткен көмегі баға жетпес болып қала береді.

Ол бүкіл өмірін отандық медицинаны дамытуға арнады.
12 жыл бойы Төрегелді Шарманұлы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 1974 жылдан бастап еліміздің жетекші ғылыми ұйымдарының бірі – Қазақ тағамтану академиясының тұрақты басшысы болды.

Төрегелді Шарманұлы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – Еңбек ері атағын, сондай-ақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – Леон Бернард сыйлығын қоса алғанда көптеген марапатқа ие болды, бұл оның халықаралық аренадағы айрықша еңбегін көрсетеді.

Академик Шарманов Төрегелді Шарманұлының есімі медицина тарихына алтын әріптермен жазылған және болашақ ұрпақ үшін үлгі болады. Денсаулық сақтау министрлігі Академик Шармановтың отбасымен, әріптестерімен және достарымен бірге қайғырады. Ұлы адам, дәрігер, мұғалім және нағыз патриот туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады, – дейді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button