Жарнама
Медицина

АИТВ: орталықта «Ашық есік» күні өтті

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай Атырау облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында «Ашық есік» күні өтті. Халық ішінде, әсіресе әлеуметтік осал топтар арасында АИТВ дерті бар адамдарды  ерте анықтап, оларды  емдеу,  алдын алу шараларын кешенді бағдарламалар арқылы жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есік» күнінде орталыққа 55 адам келіп, қан тапсырды.

–Орталықта халықты АИТВ инфекциясына тестілеу, емдеу, диспансерлік динамикалық бақылау, АИТВ-мен өмір сүрушілер және түйінді топтарға қажетті зертханалық талдаулар толығымен тегін жүргізіледі,-дейді орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Әсем Серікбаева.

Ақ халаттылардың алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының стратегиясы бойынша, 2030 жылға дейін АИТВ  індетінің таралуын тоқтату мақсаты тұр. Ол үшін вирус  жұқтырғандардың 95%-ын тауып, оларды арнайы еммен қамтып, вирус мөлшерін азайту қажет. Осы межелерді қамтамасыз еткенде ғана індеттің ары қарай таралуын тоқтатуға болады екен.

–Жыл басынан бері орталық зертханасында 40 мыңдай қан талдауы жасалды. АИТВ инфекциясы бар адамдарға  қажетті барлық зерттеулер заманауи жабдықталған зертханада жүргізіледі. Өткен жылы біздің зертхана  аккредитациядан өтіп,  СТ РК ISO 15189-2015 ж. сертификатын алды. Орталықта медицина  қызметкерлерінің  халыққа сапалы кәсіби қызмет көрсетуі үшін  және халықтың көрсетілген қызметті алуы үшін  барлық жағдай жасалған, — деді Ә.Серікбаева.

Қазір орталықта «Психоәлеуметтік кеңес беру» кабинеті, «Қан алу бөлмесі», «Достастық» кабинеті және «Сенім бекеті», дигностикалық зертхана, профилактикалық, эпидемиологиялық, емдеу-алдын алу бөлімдері жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button