8532 атыраулық қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

2021 02 22 priv Медицина

Облыста 2 наурыз- 25 сәуір аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 16 жағдай тіркелген.

Оның ішінде алтауынан қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденіп отыр.

– «Атырауда алғаш қызылша инфекциясы Түркиядан келген отбасынан анықталған болатын. Кейін Тәжікстаннан келген адамнан да індет табылды. Енді міне, мектеп оқушылары жұқтырып отыр. Қазіргі кезде науқастармен қарымқатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 7 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Санитариялықэпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов.

Оның айтуынша, елде коронавирус тараған 2020-2022 жылдары балалар қызылшаға қарсы екпе алмаған. Облыста екпеге қарсы түрлі көзқарастарға байланысты 9 312 балаға екпе салынбаған болса, қызылша дерті күшейген соңғы екі айда оның 2 413-і алған.

«Бұл өте төмен көрсеткіш . Қызылшаның қандай ауру екені халыққа мәлім. Біз екпе арқылы ғана оның алдын аламыз. Қызылшаны жұқтырған балалардың барлығы вакцина алмаған. Қазіргі уақытта облыста вакцина жеткілікті. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ұстаздардың көмегі керек» деді М.Танауов.

Департамент басшысының айтуынша, қазіргі уақытта 8 532 атыраулық қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартса, оның басым көпшілігі діни көзқарастағы отбасылардың балалары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз