4 мыңға жуық шетелдік Қазақстанға емделуге келген

111 Медицина

Былтыр қазақстандықтар бюджет қаражаты есебінен Түркия, Ресей және Германияға емделуге жіберілген. Ал Қазақстанда 4 мыңға жуық шетелдік ем алған. Бұл туралы ҚазАқпарат сауалына Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды.

«2022 жылғы ақпаратқа сәйкес, бюджет қаражаты есебінен қазақстандық 80 науқас, оның ішінде 71 бала шет елдерге емделуге жіберілген. Елдер бойынша пациенттердің көпшілігі Түркияға емделуге жолданды – 44 адам және Ресей Федерациясына – 13 адам, Германияға – 9, Үндістанға – 7, Беларусьқа – 6, Оңтүстік Кореяға – 1 адам жіберілді», – деп жазылған департамент хабарламасында.

Сондай-ақ 2022 жылы еліміздің медициналық ұйымдарында 3884 шетелдік пациент емделген, олардың ішінде 85% (3303 адам) шұғыл және 15% (581 адам) жоспарлы тәртіппен түскен.

«Медициналық туризм саласының ағымдағы жай-күйін бағалау Қазақстанға емделуге келетін шетелдік азаматтарда нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, репродуктология (ЭКО), ортопедия және травматология, стоматология сұранысқа ие екенін көрсетеді», – деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз