230 атыраулық бас пен мойын ісігіне шалдыққан
Бас және мойын қатерлі ісігі визуалды байқалатын ісіктер қатарында болғанымен, науқастардың 60%-ы аурудың асқынған кезеңінде дәрігердің көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жыл сайын 25-31 шілде аралығында бас және мойын қатерлі ісігімен дүниежүзілік күрес күні аталып өтеді. Осыған байланысты мамандар төменде көрсетілген ауру белгілері байқалса, бірден дәрігердің көмегіне жүгіну қажеттігін айтты. Жұтынғанда ауырсыну, тілдің ауыруы, дауыстың өзгеруі, мұрынның және тамақта тас тұрғандай бітелуі сияқты қарапайым белгілер қатерлі аурудан хабар беруі мүмкін. Сондықтан дәрігерге көрініп, уақытында арнайы зерттеулерден өткен дұрыс. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау үшін мойынға УДЗ және басқа МСКТ, МРТ зерттеулері жүргізіледі. Қатерлі дертке күдік болса, биопсия алынады.
— Бас және мойын қатерлі ісігінің алдын алу үшін аталған белгілерді байқасаңыз дереу дәрігерге жазылып, тағайындалған зерттеулерден өтуге шақырамын. Бүгінгі күні облыста 4509 науқас диспансерлік есепке алынған, оның 230-ы бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан. Еріндегі қатерлі өзгерістері бар — 31, тіл, ауыз қуысы және жұтқыншақ — 54, сілекей безі — 1, аңқа, жұтқыншақ (жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жері) — 1, ауыз аралық жұтқыншақ — 3, қалқанша безі — 5 науқас тіркелген. Оның 19-ы емдеуге жатады. 6 науқас емін аяқтады, 7-і емдеуден бас тартты, ал 6-ы емін жалғастыруда. Деніңіз сау болып, жақындарыңызбен бақытты өмір сүру үшін өз саулығыңызды күтіңіз, дейді Атырау облысы онкология диспансері директорының орынбасары Руслан Бривков.