Жарнама
Медицина

18 ауылдық елді мекенде жаңа медициналық нысан салынады

Бұл туралы Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.

Бүгінде облыста 90-нан астам медициналық мекеме бар. Оның 34 мемлекеттік болса, қалған 56 жеке медициналық ұйым. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы медициналық ұйымдарда техникамен қамтамасыз ету 90,74% құрайды. Ал мемлекеттік медициналық ұйымдар бойынша жарақтандыру — 92,3% құрайды.

— Облыстағы адам санының және медицинаға деген сұраныстың артуына байланысты бүгінде өңірдің бір қатар аудандарында медициналық нысандар салынуда. Сондай-ақ тозығы жеткен ұйымдарға жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Атап айтсам, фтизиопульмонология және облыстық перинаталдық орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атырау қаласындағы Береке ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория және Жылыой ауданы, Құлсары қаласында аудандық аурухана салынуда. Сонымен қатар, алдағы жылдары ауылдық елді-мекенде дамыту Ұлттық жоба шеңберінде 18 ауылдық елді мекенде жаңа медициналық нысан салынады, — деді А.Байдуәлиев.

Баспасөз брифингі барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиев аталған медициналық нысандар 2023-2025 жылдары жүзеге асатынын айтты. Ал алдағы жылдары Атырау облысында 11 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория және 6 фелдшерлік-акушерлік пункт бой көтермек. Ұлттық жоба шеңберінде салынғалы тұрғанның медициналық нысанның екеуі жаңадан салынатын болса, қалғаны тозығы жеткен, ескі медициналық нысандардың орнына салынады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button