Жарнама
Майталман

Қос сәбиді құтқарған Аслан

Кей сәттер өмірімізді түбегейлі өзгертіп жібереді. Осындай бір сәт Құрманғазы ауылында болып, оқиға – ерлік пен адамгершіліктің шынайы көрінісі ретінде есте қалды.

Жуырда кешкі 17:50 шамасында ауыл тұрғындарының бірінің үйінде өрт шықты. Тілсіз жау әп-сәтте лап етіп, үйді шарпыды. Бұл уақытта үйде ұйықтап жатқан екі бүлдіршін – ештеңеден бейхабар еді.

Дәл осы кезде, еш ойланбастан, өз өмірін қатерге тігіп, үйге кіріп барған бір адам болды. Ол – Аслан Орынбасарұлы Рахымғалиев.

Аслан бір сәтке де кідірместен жанып жатқан үйге кіріп, қос сәбиді аман алып шықты. Асланның бұл әрекеті – шын мәнінде батырлықтың үлгісі.

Осы орайда Атырау облысы ТЖД бастығы полковник Н. Жаңабаев Құрманғазы ауылында орналасқан тұрғын үйдің жануы кезінде батылдық көрсеткен азамат Аслан Орынбасарұлы Рахымгалиевке Департамент бастығы атынан алғыс хат табыстады.

«Мұндай әрекеттер көп жағдайда бейсаналық түрде жасалады, өйткені қиын сәтте адам басқаға көмектесуді өзінің парызы деп біледі және қол ұшын беру – кез келген қоғамның ең биік адами қасиетінің көрсеткіші» — деп атап өтті Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button