Мәдениет
ЖЕМ БОЙЫНАН ЕСКЕН ЛЕП
Концерттік үлкен бағдарлама жасақталды. Бұл шарада терме, халық әндерін тамашалайтын боласыздар. Сонымен қатар, Тоқсанбай Құлтумиев атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрін апармақшымыз. Эстрадалық вокал жанры бойынша жеке орындаушылар, дуэт бар. Ауданда би ұжымдарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Халықтық атағы бар «Жем аруы», «Биби» би ұжымдары өнер көсетеді. Балалардан құрылған хор да фестивальда өз өнерлерін ортаға салмақ.
Мақсатымыз – ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуымен қатар, мәдени саладағы жетістігін паш ету.
Нұрбай СҮЙЕМБАЕВ,
Жылыой аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.