«Жазушының жан сыры» оқырманға жол тартты (+ВИДЕО)

screenshot 20220708 185837 Мәдениет

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, бүгінде «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары Исатай Балмағамбетовтің «Жазушының жан сыры» атты кітабының тұсаукесер шарасы өтті.

Публицистикалық туындылардан құралған жинақтың тұсаукесу лентасын ақын, филология ғылымдарының докторы Қадір Жүсіп пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешев қиды.

Шара басында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің Құттықтау хатын оқып, иесіне табыс етті. Сондай-ақ, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Жасын Біркенов, ақын, «Сарайшық» журналының редакторы Гүлзада Ниетқалиева және басқалары сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, аталған еңбекке әлеуметтік ой-сана, ұлттық рух, өмір мен тұрмыс түйткілдері, сондай-ақ замандастарының адамгершілік қасиеттері хақында және экономикасы тақырыбына жазылған публицистикалық туындылары топтастырылып отыр.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз