ЖАҚСЫЛЫҚ СЫЙЛАҒАН КҮН

Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйінде «Жақсылық сыйла» деген тақырыппен Атырау қаласы мектеп оқушыларынан құрылған жастар ұйымы қайырымдылық шарасын өткізді.

Жастар ұжымының белсендісі Юнис Ғазизовтың айтуынша, бұл ұйымды құрудағы мақсат – өзге адамдардың өміріне бей-жай қарамай, мүгедек жандарды қоғаммен байланыстыру. Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық бағыттағы гиназия оқушысының бұл сөзі бізге де үлкен ой салды.

«Жақсылық сыйла» қоғамдық ұйымының құрамында Атырау қаласындағы №17 және №30 мектеп оқушылары да бар екен. Өздерінің күшімен әзірлеген концерттеріне интернат тәрбиеленушілері разы боп, қол соқты. Шараның соңында ойыншықтар мен анайы сыйлықтар таратылды.

Мектеп оқушыларының бұл бастамасы ата-аналар тарапынан да қолдау тауып отыр.

– Өзгелердің қиындығын бөлісу, қоғамнан алшақ қалған мүгедектер мен қарияларды өмірге құлшындыру идеясы – жастардың рухани өсуінің айғағы. Бұл – өте қуанышты, әрі қолдауға лайық бастама, – деді Жанат Қаметованың анасы, Атырау қалалық балалар тіс емханасының бас дәрігері Нұргүл Намазғалиева.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз