Жарнама
Мәдениет

Жайықтың Маржаны ұлықталды

ЖҮРЕГІ ЖЫРҒА ТОЛҒАН АТЫРАУДЫҢ АҚЫН ҚЫЗЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ (ТҮРКИЯ) МҮШЕСІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ШАБЫТ» ФЕСТИВАЛІНІҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ХАЛЫҚТАР ПОЭЗИЯ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРЖАН ЕРШУДЫ ТУҒАН ЖЕРІ ТҰҒЫРЛЫ ШАРАЛАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ.

Ақ Жайықтың төріндегі поэзия мерекесі Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасынан басталды. Шарада Маржан Ершудың қырғыз тілінде шыққан «Жүрегім» атты жыр кітабының тұсаукесері өтті.

Қырғыз елінен арнайы келген аударма авторы – «Алатоо» журналының бас редакторы, ақын, аудармашы Алтынай Темирова құрметті қонақтың бірі болды. К і т а п а в т о р ы н Қ а з а қ с т а н Жазушылар одағы төрағасының о р ы н б а с а р ы М е р е к е Қ ұ л к е н о в құттықтап, қаламгердің елге сіңірген еңбегін, мəдениетке қосқан үлесін айрықша атады. – Маржанның қаламға деген құрметі мен жазуға деген адалдығы əдебиет саласында үлкен белестерді бағындыруға себеп болды. Поэзия – ж ү р е к т е н ш ы қ қ а н с ө з . Д е м е к , халықтың рухын көтеретін күш деуге болады. Оның ішінде Бопай ханым, күй анасы Дина, батыр Бауыржан Момышұлы мен тұңғыш ұшқыш батыр қыз Хыйуаз Доспанованы, ғарышкер Тоқтар Əубəкіровты, басқа да тарихи тұлғаларды жыр тілінде сөйлетіп, поэмаға айналдырғаныңызды көзіқарақты оқырман біледі. Сіз қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар шынайы ақынсыз. Шығармашылығыңыз өрлей берсін! – деп, ақынды құттықтаған Мереке Құлкенов оқырман қауымға тағылымды кітаптарды оқуға кеңес берді.

apmitьbiu46523

«Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, ақын Жұмабай Құлиев, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының басшысы Рашида Харипова, «Сарайшық» республикалық журналының бас редакторы, ақын Гүлзада Ниетқалиева Маржан қызға жүрекжарды лебіздерін арнады. Рухани кездесу соңында автор қазақы дəстүр бойынша құрметті қонақ Алтынай Темированың иығына шапан жауып, атыраулықтардың ыстық ықыласын жолдады. Ордалы ойын қиядан шалып орағытатын талантты ақын Маржан Ершудың шығармашылығына арналған шара Құрманғазы атындағы мəдениет с а р а й ы н д а ж а л ғ а с т ы .

А т а л ғ а н мəдени кеш Атырау қаласының əнұраны – «Атырау-арман» əнінің 25 жылдығымен орайластырылды. Жергілікті халықтың жүрегінен орын алған бұл туындының əуенін жазған белгілі композитор Болат Қоқаманов болатын. Рухани-танымдық маңызы зор ш а р а н ы « А л а ш » х а л ы қ а р а л ы қ сыйлығының лауреаты, ақын Жұмабай Құлиев жүргізді. Шығармашылық кеште өлең десе ішкен асын жерге қоятын жұрттың қарасы көп болды. Алдымен, зал толы көрермен Маржан Ершудың шығармашылығы жан-жақты қырынан көрсетілген бейнефильмді LED экран арқылы тамашалады. Сахна төріне көтерілген Маржан қыз көрерменнің көңілін қара өлең құдіретімен бір көтеріп тастады. Ақ Жайықтың ерке қызы өзінің жырларын ерекше сезімталдықпен жеткізіп, көрермендер тума таланттың актерлік шеберлігіне тəнті болды. Тыңдармандары да ақынның жыр шумақтарына сусап қалса керек, ыстық ықыласпен ұйып тыңдады. Расында, ақын жырларынан Махамбетке тəн қайсарлық, Фаризаға тəн нəзіктік пен тектілік сезіліп тұрғандай… Ш а р а к е й і п к е р і н Қ а з а қ с т а н Республикасы Президентінің кеңесшісі Мəлік Отарбаев құттықтады.

– Ə д е б и е т с ү й е р қ а у ы м , а қ ы н қ ы з д а р ы ң ы з М а р ж а н Аманқосқызының шығармашылық кешіне қош келдіңіздер! Əуелі елордадан жолдаған аманатты оқып берейін: «Маржан Аманқосқызы! Сіз поэзия мен проза жанрында қалам тербеп, көркем туындыларыңыз жəне түркітілдес елдердің танымал ақынжазушыларының үздік шығармаларын тəржімалаған кітаптарыңыз арқылы оқырманның ыстық ықыласына бөленіп жүрсіз. Балаларға арнап жазған ертегілеріңіз бен ертегі терапиясын зерттеген əдістемелік құралыңыздың ұрпақ тəрбиесіне игі əсерін тигізері сөзсіз. Қоғамның рухани-мəдени дамуына қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіріп, зор денсаулық, ж е м і с т і е ң б е к , ш а л қ а р ш а б ы т тілеймін! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, — деп Президенттің кеңесшісі мемлекет басшысының құттықтау хатын ақынға салтанатты түрде табыстады.

Кеште Халық қаһарманы, даңқты ұшқыш Хыйуаз Доспановаға арналған «Хиуаз – қыран қыз» атты жаңа əннің тұсауы да кесілді. Тыңдарманға жол тартқан əнді Маржан Ершу сөзбен өрнектесе, музыкасын Арман Жайым жазған. Жаңа əнді сахнада Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония əншілері Азамат Ізниев пен Назым Шаймарданова нақышына келтіре шырқады. Ал, ақын-аудармашы, ТҮРКСОЙ қызметкері Шахноза Бурханиддинова «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың ыстық ықыласын жеткізді.

– М а р ж а н Е р ш у т ү р і к ақын-жазушыларының таңдамалы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ақын қыздарыңыз Ариф Нихат Ася, Эрзурумлу Эмрах, Ашык Вейсел, Ахмет Хашим, Юсуф Зия Ортач, Сезаи Каракоч, Орхан Вели Канык, Азиз Несин, Джахит Сыткы Таранджы, Решат Нури Гүлтекин, Галип Эрдем, Орхан Памук, Махмут Кая жəне Якуб Өмероғлу сынды тұлғалардың өлеңдері мен шығармаларын қазақ тіліне аударып, екі ел арасында əдеби салада мəдени дипломатияның негізін қалағандардың бірі, — деп, ақынның шығармашылық шеберлігіне тоқталған Шахноза ханым Маржан Е р ш у д ы ң ө ң і р і н е « Т Ү Р К С О Й » халықаралық ұйымының арнайы медалін тақты. Қ ы р ғ ы з Р е с п у б л и к а с ы н а н келген құрметті қонақ – «Алатоо» журналының бас редакторы, ақынаудармашы Алтынай Темирова үзеңгілес əріптесіне ақжарма лебізін білдірді. «Екі ел арасындағы мəдени құндылықтар дүниесіне қосатын қазыналы шығармаларыңыз көбейе берсін!» деген қырғыз ақыны Маржан Ершудың «Əлия» жəне «Алмас қылыш» өлеңдерін өз тілінде оқып берді. Ал, ЮНЕСКО мəдениеттерді ж а қ ы н д а с т ы р у о р т а л ы ғ ы н ы ң б а с ғ ы л ы м и қ ы з м е т к е р і А н а р Кабдуллина атыраулық ақынның қазақ поэзиясымен бірге, сатира жəне драматургия саласына қосқан үлесін де ерекше атап өтті.

Өлеңнің мерейін асқақтатып, жыр қадірін терең түсінген ақынға ЮНЕСКО мəдениеттерді жақындастыру орталығының төрағасы Олжас Сүлейменовтың құттықтау хатын табыстады. Сол кеште ақын Маржан Ершу Абай атындағы Халықаралық мəдениет пен өнерді қолдау қоры қоғамдық кеңесінің шешіміне сəйкес «Абай» медалімен марапатталды. Талантты ақын Маржан Ершудың мерейін көтеруге Атырау облысы ə к і м і н і ң о р ы н б а с а р ы Ж а с ұ л а н Бисембиев, Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Əлимұхаммед Құттұмұратұлы, Жылыой ауданының əкімі Жұмабек Қаражанов, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, мəдениет қайраткері, жұмекентанушы Алмас Ахметбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов арнайы келді.

Ал, жергілікті ақындар Гүлзада Ниетқалиева, Нұрым Ерғалиев жəне Сəулеш Шəтенова рухани əріптестерін қолдап, жырдан шашу шашты. Н . Ж а н т ө р и н а т ы н д а ғ ы облыстық филармонияның əншілері шығармашылық кешті əсем əнмен əрлесе, Ш.Сариев атындағы өнер музейі құнды қордағы картиналармен сəндеді. Сондай-ақ, кеш қонақтары Құрманғазы атындағы мəдениет сарайының фойесінде ақын туындыларынан құралған кітап көрмесін тамашалады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Əнуар ƏБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button