Жайықтың бойында әсем әуендер жаңғырды
Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында «Жайықтан ескен әсем ән» ардагерлер арасындағы ән байқауы өтті.
Облыстық өнер додасы ұлттық музыканы құрметтеп, туған жерге арналған рухты және халық әндері арқылы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялату мақсатын көздеді. Сондай-ақ, әсем қоңыр дауыстарымен, сырлы да сазды әндерімен елін, жерін сүйсінткен қазыналы қарттардың өнерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету негізгі талап ретінде алға қойылды.
Аталмыш байқауға аудандар мен қаладан өнерлі ардагерлер қатысуға өз өтінімдерін жолдаған.
Байқау соңында ардагерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Айта кету керек, іс-шараны облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Тоғжан ЕРМЕК