Жарнама
Мәдениет

Ұлттық театр Атырауда мерейтойын тойлауда

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясының ұжымы және студенттері театр әртістерімен кездесті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрымыздың 100 жылдық мерейтойлық сапарын Батыс өңірден бастадық. Атырауда телеканалдарға, мектептер мен колледждерге барып, театр туралы әңгімелесіп жүрміз. Театрға жаныңды беріп еңбек еткенде ғана өнер саған өз жанын сыйлайды, – деді актриса Гүлшат Тутова.

15-18 қыркүйек аралығында Атырау тұрғындарына театр репертуарындағы бірқатар таңдаулы қойылым ұсынылды:
• 15 қыркүйек — М.Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясы;
• 16 қыркүйек — Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы және С.Досжановтың «Махаббат пен қасірет» драмасы;
• 17 қыркүйек — Р.Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» және «Сезім хаттары» спектаклі;
• 18 қыркүйек — А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» және М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатып алыңызшы!» комедиясы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button