МЕКТЕПТЕ ЖҮРІП, СТУДЕНТ АТАНДЫ

Алматыда мектеп оқушылары арасында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауынан облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы Нұрзия Хамзина жүлделі оралды.

Ол – қазақ әдебиеті пәні бойынша «Қазақ жырларындағы тұлпарлар бейнесін сомдаудағы көркемдік тәсілдер» тақырыбындағы еңбегін үздік қорғап, алтын медаль иеленді. Нұрзия Қызылқоға ауданының, Миялы селосындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде оқып жүріп, қаладағы лицейге оқуға ауысады. Зерек оқушы бұл оқу орнында да білімді оқушылардың алды болып жүр. Нұрзия үздік ғылыми жобасымен ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, еліміздегі кез келген жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алыпты. Нұрзияның ұстазы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Қуандықова.                      Сондай-ақ, Миялы селосындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Назерке Жаңбырбай да республикалық байқауда «Мұқағали жырларындағы салт-дәстүрлер» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін қола медальға ие болды.

Назерке жоғары оқу орнына тегін түсетін білім гранты сертификатына ие болды. Оның ұстазы – аталмыш орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі ұстазы Марал Мақанова. Дарынды шәкірттерге алдағы уақытта да білім көкжиегінен көріне беріңдер деген тілегімізді білдіріп, біз де сәттілік тіледік.

        Мағрупа ҚАЗИХАН,

        Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз