
Ұлттық ойын ұлықталды
Жуырда қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі асық ойынына арналған іс-шарада ұлттық спорттың мәні мен маңызы айтылды. Бұл іс-шарада балалардың дамуына ықпал ететін асық ойынының түрлері көрсетіліп, олардың тәрбиелік маңызы туралы кеңірек таныстырылды.

Сондай-ақ, әйелдер арасында дәстүрлі «бес асық» ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шара ұйымдастырушыларының бірі ҚХА «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің төрағасы Жанар Әбіштің айтуынша, балалардың ой-өрісін дамытуға арналған мұндай дәстүрлі ойындардың маңызы өте жоғары.
– №37 балабақшаның меңгерушісі, белсенді ана, өз тәжірибесімен бөлісіп, асық ойындарының жаңа қырларын көпшілікке таныстырды. Ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында «Ауыл» партиясы бұл шараны қолдап, үлкен арнайы киіз үй тігіп, қолдау білдірді. Осындай игі бастамалар арқылы қазақ халқының бай мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды қайта жандандыруға мүмкіндік туады, — деді Жанар Төрениязқызы.
Іс-шара барысында асық ойындарының тәрбиелік, танымдық мәні насихатталып, қатысушылар ұлттық мұрамыздың ерекше қырларымен танысуға мүмкіндік алды.
Алмас ҚАБДОЛ