Жарнама
Мәдениет

«Тұмар» бишілер тобы халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды

Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы «Тұмар» бишілер тобы халықаралық байқаудан бас жүлдемен орал, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Тұмар» би ұжымы екі жыл бұрын Сарайшық ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылды. Топ 12 қыздан тұрады. Жетекшісі Анель Алпысбаева, Сарайшық ауылдық мәдениет үйінің режиссері. Биші қыздар жас ерекшеліктеріне қарай ортаңғы топқа жатады.

-Шымкент қаласындағы «Zhulduz art Kazakhstan» атты халықаралық байқауға қатысқан биші қыздарымыздың «Хорезм биі» бәрінен үздік танылып, бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар заманауи биден де оза шауып жүлделі 1 орынды қанжығаға байлады. Бидің қимылдарынан бөлек қойылымы, сахналық киім үлгісі бәрін өз идеясымен жүзеге асырып жүрген А.Алпысбаеваның бұл жетістігі ауданның мерейін тасытып отыр,- деді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Қайырғалиев.

Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі байқаудың жеңімпаздарына шетелдің төрт мемлекетіне, Грузия, Түркия, Египет және Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін конкурсқа тегін қатысуға жолдама берілген. Ал, Анель Алпысбаеваға «Үздік ұстаз» деген медаль табысталып отыр.

Айта кетейік, «Тұмар» би тобы бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған конкурстан бас жүлде, Атырау қаласында өткен «Жұлдыз» конкурсында І орынға ие болған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button