Театр үздіктері марапатталды

neege Мәдениет

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Атырау облысының құрметті азаматы, көрнекті режиссер Чапай Зұлхаштың құрметіне ұйымдастырылған І республикалық фестиваль-форум мәресіне жетті.

Төрт күнге созылған байқауда әйелер адам ролін сомдаған үздіктер арнайы номинацияға ие болды. Семей, Павлодар, Ақмола, Алматы облысы және қаласынан келген театр ұжымының режиссерлары мен сценографтарының кәсіби шеберліктері лайықты бағасын алды. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрындағы фестивальді қорытындылау кешіне қатысқан қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Әбіл Жоламанов мәдениет майталмандарын марапаттады. Сонымен, «Алатау» дәстүрлі өнер театры «Айман-Шолпан» қойылымы үшін – «Чапай Зұлхаш атындағы арнайы номинация», Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссеры Шағуан Үмбетқалиев «Қар қызы» қойылымы үшін – «Үздік режиссер», Алматы қаласы мәдениет басқармасының мемлекеттік қуыршақ театрының сценографы Алтынай Жүсіпәлі «Медея» қойылымы үшін.

– «Үздік сценограф», Ақмола облыстық орыс драма театрының актері Жақып Мадияр «Лютый» қойылымындағы ролі үшін – «Үздік актер», Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка драма театрының актрисасы Бахаргүл Құрбанова «Қымбатты Елена Сергеевна» қойылымындағы ролі үшін – «Үздік актриса», Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының ұжымы «Бес нәрсе» қойылымы үшін – «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды.

shgshщgщgщ

Шарада Чапай ағамен қанаттас қызмет еткен аға буын өкілдері, театр актерлері – Әдемі Сисекенова мен Совет Қожабеков «Атырау қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл күні Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының мерейі асқақтап, бір топ өнер адамы ұлығыланды.

Атап айтқанда, Куйкенов Қабдолла мен Бәдел Асылбектің өңірінде «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі жарқырады. Ал, Жұлдыз Балбакова мен Ақмарал Нысанбаеваға Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы табысталды. Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен Әйгерім Силықова мен Сағыныш Махсотов марапатталды. Форум аясында өткен шеберлік сағатында дәріс алған мәдениет майталмандарына да сертификаттар табысталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз