Жарнама
Мәдениет

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТӨЛ ӨНЕР

Талантты өнерпаз, сазгер, орындаушы Смағұл Көшекбаев елден сұңғыла саңлақтарды іздеп жүріп Дина әжемізді, Меңдіғали, Иманғали, Қисыметтерді тауып, өнеріне тәнті болып, Алматыға алып кетуі, өлкеде оркестр, ансамбль құрудың басы деп есептесе де болады. Олар Алматыға кеткен кезде ауданда Теңіз колхоз-совхоз театры құрылады. Оған ылғи талантты жастар қатысып, халық арасында ұлттық өнерді насихаттайды.

Аты колхоз-совхоз театры деп аталғанымен, өнер ұжымы негізінен күй тартып, ән салып, шағын қойылымдар қойды. Сол алғашқы өнер қарлығаштары қатарында Зәрипа Сүлейменова, Қуат Төлеков (кейіннен екеуі ҚССР халық әртісі атағын алды), Ғизат Әбілтаев, Қаттар Дүйсемәлиев, Иманғали Жанханов, Ғимыран Балтаев, Өтеп Ерғалиев, Медхат Өтепбаев және басқалары болды.

Ауданда ұлттық халық аспаптар оркестрінің қалыптасуына тума таланттар Әзидолла Есқалиев пен Бақыт Қарабалинаның үлесі мол. Негізі өткен ғасырдың 50 жылдарының аяғында қалыптасқан ұлт аспаптар оркестрі 1967 жылы алғаш рет Калинин селолық округінде құрылды. Жас та талантты өнерпаз Төлеген Ахметжанов ұйымдастырған бұл оркестр аудан өнерін облыс, республикаға паш етті.  Т.Ахметжановтан кейін ұлт аспаптар оркестріне Т.Зайнуллин жетекшілік жасап, күні бүгінге дейін бұл ұжымның абыройын асқақтатуда.

Соңғы жылдары бұл өнер ұжымы Атырау, Оралда және басқа қалаларда болған дүбірлі додаларда байрақтарға ие болып келеді. Бұл орайда кезінде №3 лицей жанынан құрылған ұлт аспаптар ансамблі Хажбабай Айтасовтың жетекшілігімен Мәскеуде өнер көрсетіп, дипломант болғанын да атап өткен абзал. 

Асқар ҒҰМАРОВ,

 Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button