Жарнама
Мәдениет

Талант – тағдыр сыйы ма, әлде еңбек жемісі ме?

Талант туралы сөз қозғағанда, алдымен екі түрлі көзқараста отырамыз, иә. Бірі: «Талант – Тәңірден берілетін сый, оған еңбек сіңірмей-ақ, табиғи қабілетпен жетістікке жетеміз» десе, екіншісі: «Талант –тек еңбек арқылы ғана шыңдалатын қасиет» дейді. Ал шын мәнінде, нағыз талант – осы екі ұғымның тоғысқан тұсы. Ол дегеніміз, талант – табиғи дарын мен тынымсыз еңбектің үйлесімі.

​Көптеген ұлы тұлғалардың өміріне көз жүгіртсек, ешкім бірден биікке көтерілмегенін көреміз. Әлемнің ең ұлы талант иелерін алып қарасақ, олардың барлығы бірдей ерекше дарынмен туған, бірақ өз қабілеттерін дамытуға бар өмірін арнаған. Абай, Мұхтар, Леонардо да Винчи, Бетховен – бәрі өз дарынын еңбекпен шыңдаған жандар. Мысалы Моцарт бала кезінен-ақ музыка әлемінде керемет қабілетін көрсетті, бірақ әкесі оны күн сайын сағаттап дайындық жасауға мәжбүрледі.  Демек, талант тек берілген сый ғана емес, оны дамыту әр адамның өз қолында. Өзіміздің елде де  ерекше дарын иелері көп екенін білеміз.Димаш Құдайбергеннің табиғи дауысы бар, бірақ ол өз диапазонын жетілдіру үшін үздіксіз жаттығады. Әдебиетімізде Шәкен Айманов, Ғабит Мүсірепов – қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өшпес із қалдырған таланттар. 

    ​Бірақ, талант – тұрақты құбылыс емес. Егер оны дамытпаса, уақыт өте жоғалып кете барады. Әр бала –талантты, бірақ оны сақтап қалу – басты мәселе. Жаратқан қабілет берсе, оны шыңдау — өзімізге жүктелген міндет.

Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Журналистика» мамандығының IVкурс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button