Жарнама
Мәдениет

Табылды Досымовты еске алуға арналған ән байқауы өтіп жатыр

✨

17 шілде күні Индер аудандық мәдениет үйінде қазақтың тұңғыш бард ақыны, сазгер Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай «Сәйгүлік» атты аймақтық ән байқауына 13 үміткер қатысып жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараның ашылуында Индер ауданының әкімі Серік Нсанбаев сөз сөйлеп, қатысушылар мен көрермендерді құттықтады.

– Табылды Досымов – елдің рухани байлығы. Оның шығармашылығы – еркіндікті, ұлттық болмысты жырлаған дара өнер. Бүгінгі аймақтық байқау – ақынды еске алып, оның мұрасын жас ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі. Табылды өзінің әндерімен бірге халқымыздың жүрегінде мәңгі өмір сүреді. Осындай тағылымы мол шаралар арқылы біз ұлттық өнерді жаңғыртып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетеміз, — деді С. Нсанбаев.

tabyldy3

Байқауға Атырау облысы мен өзге өңірден келген қатысушылар Т. Досымовтың шығармашылығынан гитарамен жанды дауыста және эстрадалық бағытта ән шырқап, екі кезең бойынша бақ сынасуда.

Аймақтық байқаудың басты мақсаты – қазақ бард поэзиясының негізін қалаушылардың бірі, ұлттық болмысты жырмен жеткізген Досымовтың мұрасын кеңінен насихаттап, талантты орындаушыларға қолдау көрсету.

Келелі жиын барысында ақынның туыстары, өнердегі серіктестері мен жанашыр қауым естеліктерімен бөлісті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button