ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БАСҚОСУ

Облыстық қарттар мен мүгедектердің интернат үйінде Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай шара өтті. Интернат қызметкері Ханнат Төлесінова Елбасы және Қазақ елі тәуелсіздігі туралы әсерлі әңгіме айтты.
Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің мүшелері Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» күйлерін тамылжыта шертсе, әнші Айнаш Забихова Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші даусы», Нартайдың «Сырнайлым», Сүгірдің «Әпитөк» әндерін нақышына келтіре орындап берді.
Тасқала селосының Тауман Амандосов атындағы орта мектеп директоры Мүслима Базарбаева оқушыларды бастап келіп, олардың өнерін тамашалатса, қала тұрғыны Сәуле Қайыржанова өз атынан мерекелік дастархан мәзірін тарту етті. Осылайша аталып өткен Тұңғыш Президент күнін әрбір қарт естерінде ұзақ сақтайтын болады. Ал, 85 жастағы Рахметолла Ізтелеуов қария көтеріңкі көңіл сыйлаған жанның баршасына үлкендер атынан ақ батасын берді.

 

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,
Қарттар үйі тұрғыны,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз