Өркенді өнер өрісі

35844776 200752857239121 5422607055439527936 o Жаңалықтар

Atr.kz/17 маусым, 2019 жыл. Құрманғазы мен Динадан басталатын небір күй абыздарының, арқалы ақындар мен жыршыжыраулардың, азаттық үшін алысқан Исатай мен Махамбет сияқты батырлардың кіндік қаны тамған құт дарыған қасиетті де қазыналы Атырау өлкесіндегі өнердің қара шаңырағы «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің құрылғанына биыл 60 жыл толып отыр.

Сонау 1958 жыл болатын. Соғыстан кейінгі, экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтардан арылып, ел еңсесін тіктеп, ес жия бастаған кезеңде, халықтың әлеуметтік-тұрмысын көтеру мәселелері, өнер мен мәдениетті дамыту істері жолға қойыла бастаған тұста, аса көрнекті музыка зерттеушісі, ұлттық оркестрдің іргетасын қалаушы, академик Ахмет Жұбанов Қазақстанның батыс өлкесінің музыка өнерін зерттей келе, болашақ өнерлі жастарды даярлайтын оқу орнының киелі Атырау өңірінде ашылуына айрықша көңіл бөлді.

1956 жылы Гурьев облыстық м ә д е н и е т б а с қ а р м а с ы н ы ң сұрауымен жергілікті жерде оркестр ұйымдастыру үшін Алматыдан Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясының түлегі, домбырашы-дирижер Сейілхан Хұсайынов келіп, 1957 жылы Гурьев облыстық партия комитетінің арнаулы қаулысымен облыста тұңғыш рет қазақ ұлт-аспаптар оркестрін құрған болатын.

Бірі домбырашы-дирижер, бірі қобызшы-ұстаз ерлі-зайыпты Сейілхан Хұсайынов пен Раушан Нұрпейісовалардың Гурьевте халық аспаптар оркестрі жұмысын жолға қоюы, осы өлкеде алғашқы өнер саласындағы орта оқу орны, музыка училищесінің ашылуына себепкер болды.

Облыс орталығында музыкалық оқу орнының ашылуын көрегендікпен болжай білген Ахмет Қуанұлы кейін де оркестр жетекшісі, училище директоры қызметін атқарған жас маманның жұмысын жіті бақылап, үнемі назарда ұстады. Алғашқы оқу жылында 25 оқушы, домбыра, қобыз, сырнай, фортепиано мамандықтары бойынша қабылданды.

Оқу орнының алғашқы ұстаздары Раушан Нұрпейісова, Боздақ Рзаханов, Мәдениет Құспанәлиев, Жүсіп Жұбанышев, Иосиф Колтайс, Ольга Герлах, СиДин-Шим, Борис Ишханов, Людмила Черная дәріс берді.Осы ұстаздардың соңын ала бере, оқытушылар құрамы Н.Сиражев, И.Ивакин, Ю.Беликов, У.Салихов, Е.Нұрашев сияқты мамандармен толықты. Іргелі өнер шаңырағына айналған бұл оқу орнынан қанаттанып ұшқан мамандар еліміздің түкпір-түкпіріндегі колледждерде, өнер институттарында, мәдениет ошақтарында жемісті еңбек етуде.

« Д . Н ұ р п е й і с о в а а т ы н д а ғ ы Академиялық халық аспаптар оркестрі», Н.Жантөрин атындағы филармонияның «Нарын» фольклорлық оркестрі, аудандардағы халық аспаптар және әскери гарнизондағы үрлемелісоқпалы аспаптар оркестрінде, қалааудандардағы музыка мектептері, мәдениет бөлімдері мен мәдениет үйлерінде еңбек етіп жүргендер – түгелдей дерлік колледж түлектері. Сондай-ақ, олар алыс-жақын Ресей, Украина, Белоруссия, Италия, Германия, Израиль елдерінде де жемісті жұмыстар атқаруда.

Қазақ өнерінің мәртебесін өз елімізде, алыс-жақын шет елдерде асқақтатып жүрген шәкірттеріміз ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жастар сыйлығының иегері, белгілі композитор Шәміл Әбілтаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Нұр-Сұлтан м е м л е к е т т і к ф и л а р м о н и ясы халық аспаптар оркестрінің бас дирижеры, профессор Айтқали Жайымов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Кәрима Сахарбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Роза Қойшиева, Роза Айдарбаева, Гүлсара Ізтілеуова, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының кафедра меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Сәлімгерей Садықов, халықаралық фестивальдердің лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Орақ Жауыров, «Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижеры Болат Долдашев, «Нарын» фольклорлық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының және «Алаш ұстазы» төсбелгісінің иегері, композитор, Бауыржан Ақтаев, «Мен қазақпын» тележобасының ГранПри иегері, оқытушы Жәнібек Жәмиев, ҚР Мәдениет қайраткерлері және халықаралық, республикалық, аймақтық сайыстардың жүлдегерлері, талантты музыканттар Темірбек Хайдаров, Ринат Гайсин, Шәрипа Жәменова, Асылбек Ахатов, Гүлмира Қуанышбаева және басқа түлектерімізді мақтанышпен айта аламыз.

Тарихи шежіреге толы жылдарда арайлап атқан тәуелсіздіктің ақ таңымен бірге келген өнер о р д а с ы н ы ң ө м і р і н д е і з қалдырған тарихи оқиғалардың алғашқыларының бірі – 1992 жылы оқу орнына халық композиторы, күй анасы Дина Нұрпейісова есімінің берілуі. Облыстық мәдениет басқармасының шешімімен училище жанынан балалар музыка мектебі ашылып, оқу орнының колледж атануы болды. Соңғы үш жылда халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық сайыстарға 400-ден аса үміткер қатысып, олардың ішінде 200-ге тарта студентіміз бен балалар музыка мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Колледж ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Ресей жері Астрахань облысында және Вена, Неаполь, Австрия, Анкара, Стамбул, Германия секілді шетелдер мен ірі қалаларына Қазақстанның тәуелсіз туын желбіретті. Гастрольдік сапармен барып, қазағымыздың өнерін – қара домбыра, қоңыр әуенді қобыз, шырқалар әсем сазымыз арқылы бүкіл әлемге ұлттық өнеріміздің құдіретін тағы бір танытып қайтты. Бұл сапар студенттер мен оқытушыұстаздар қауымы үшін де үлкен мерей болды.

Гүлнәр СӘДУАҚАСОВА,

«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы»

Атырау музыка колледжінің директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз