Мәдениет
Шәмші Қалдаяқовтың орындауындағы «Ақ ерке Жайық» әнін тыңдап көріңіз…
«Ақ ерке Жайық» — бұл біздің Атырауда, қаланы қақ жарып, қос құрлықтың шекара сызығын әлемге әйгілеп ағып жатқан Жайық өзеніне арналып, 1965 жылы шыққан ән. Ән емес-ау, ғажайып жауһар дүние!..
Ал, атақты ақын Төлеген Айбергенов пен «вальстің падишасы» Шәмші Қалдаяқовтың өз дауысын естідіңіздер ме?..
Композитор Қалдаяқовтың мандолинаның шебер орындаушысы болғанын, 70 жылға жуық уақыттан бері халқының аузынан түспеген әндерінің көпшілігін сол аспаппен шығарғанын білетін бе едіңіз?..
Ендеше, тыңдап көріңіз!..